Азаматтардың назарына!

Азаматтардың назарына!
«Халықтық кеңсе». Сәңкібай батыр даңғылы, 249 Өтініштер қабылдау
Басталу күні
08-01-2018 08:00
Аяқталу күні
12-01-2018 17:00

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтініші негізінде, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның бағыты бойынша өтініштер Сәңкібай батыр даңғылы, 249 үй мекен-жайында орналасқан «Халықтық кеңсе» ғимаратында қабылданатын болады.

Ағымдағы жылдың 8 және 12 қаңтар айы аралығында тұрғын үй қорын есепке алу секторының қызметкерлері сағ.9.00 ден 18.00 дейін аталған бағдарлама бойынша кеңес беріп құжаттар қабылдайтын болады.

Құжаттар тізімі:

  • жеке куәлік, неке туралы куәлік; туу туралы куәлік; 
  • (бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне) жұмыс орнынан анықтама; 
  • мүгедектігі жөнінде анықтама (мүгедектерге), мекен-жай анықтамасы; 
  • Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінің жылжымайтын мүлігінің бар немесе жоқтығы туралы анықтама барлық отбасы мүшелеріне.