Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
Сәңкібай батыр даңғылы, 249 Жәрмеңке
Басталу күні
07-12-2018 10:00
Аяқталу күні
07-12-2018 00:00

«Адал жол – честный путь» іс-шараларды өткізу шеңберінде  2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 10-00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының, сонымен бірге Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Аталған жәрмеңке, электрондық мемлекеттік қызметтерді өзектендіру және қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы және « Электрондық үкімет» веб-порталдың көмегімен қызметтерді рәсімдеу артықшылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Өткізу орны және уақыты: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 249 үй мекен-жайында орналасқан  «Халықтық кеңсе » ғимараты (7.12.2018 ж. 10-00 де).