«Шебердің қолы ортақ»

«Шебердің қолы ортақ»
Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік көшесі 14Б, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешені. Байқау
Басталу күні
01-02-2019 00:00
Аяқталу күні
10-03-2019 00:00

«Шебердің қолы ортақ» қолөнершілер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
1.1. 2019 жылғы 1ақпан – 10 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Шебердің қолы ортақ»  атты қолөнер шеберлерінің байқауы өтеді.
1.2. Байқаудың құрылтайшысы–Ақтөбе қаласының әкімдігі
Уәкілетті орган – «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Байқау ұйымдастырушысы – «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешені.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Байқаудың мақсаты:
- Қала тұрғындары арасында ең талантты қолөнершілерді анықтау;
- Ақтөбеде қолөнер өндірісінің дамуына ықпал ету;
- Отандық өндірушілердің қолөнер бұйымдарының жетістіктерін насихаттау.

3. Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
Байқауға жасына қарамастан кез-келген қолөнерші қатыса алады. Қолөнершілер жұмыстарын «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешені ғимаратына 2019 жылғы 10 наурызға дейін тапсыруы қажет.

4. Байқау кезеңдері:
4.1. Қолөнершілердің бұйымдарын іріктеу;
4.2. Жеңімпаздарды анықтау;
Жеңімпаздарды анықтау үшін ұйымдастыру-сараптау комиссиясы құрылады;
4.3. Қолөнерші өзінің жұмысына сипаттаманы № 1 қосымшаға сәйкес беруі тиіс.
4.4. Әр бұйым Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған арнайы логотиппен көркемделуі керек.

5. Байқаудың сараптау комиссиясы
Комиссия мәдениет саласындағы еңбегі сіңген қолөнершілер мен сарапшылардан құралады.
Комиссия барлық сыйлықтарды бермеуге, жеңімпаздар арасында бір жүлделі орынды бөлуге, жеңімпаз атағын және арнайы жүлделерді беруге құқылы.

6. Байқау қорытындысы
6.1. Байқау қорытындылары ағымдағы жылдың 15 наурызында шығарылады, қорытындылар хаттамамен рәсімделеді, комиссия төрағасы мен оның мүшелері бекітеді және қол қояды. Байқау жеңімпаздары қала әкімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
6.2. Байқау нәтижелері БАҚ-та жарияланады.

Байқаудың өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік көшесі 14Б, «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешені.

Байланыс телефондары: 8702-498-68-19; 8771-792-78-00.