«Жеке сектордың үздік үйі», «Үздік көше»

«Жеке сектордың үздік үйі», «Үздік көше»
Байқау
Басталу күні
01-02-2019 00:00
Аяқталу күні
15-08-2019 00:00

«Жеке сектордың үздік үйі», «Үздік көше»
қалалық конкурсының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже:

1.1. Осы ереже «Жеке сектордың үздік үйі», «Үздік көше» конкурсын өткізу мақсаттары мен міндеттерін, тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1.2.  Конкурс Ақтөбе қаласының 150-жылдығын мерекелеуге орайластырылған.
1.3. Конкурс Ақтөбе қаласының көшелері мен жеке тұрғын үйлерін абаттандырудың, көгалдандырудың және күтіп-ұстаудың оң тәжірибесін анықтауға және насихаттауға бағытталған.
1.4. Конкурсқа іріктеуді және өткізуді, сондай-ақ, жеңімпаздар туралы шешімді «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ анықтайды.
1.5. Конкурс 2019 жылғы 1 ақпаннан 15 тамыз аралығында өткізіледі.
1.6. Конкурстың құрылтайшысы: Ақтөбе қаласының әкімдігі.
1.7. Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

2. Конкурстың мақсаты:

Конкурстың мақсаты қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, ықшам аудандар мен үйлердегі электр қуатын үнемдеуді, санитарлық жағдайын, абаттандыруды және көгалдандыруды бағалау. Конкурсты өткізу қала тұрғындарының бастама көтеруін және өзінің ауласын, сол сияқты тұтастай алғанда кварталдар мен көшелерді көркейтумен айналысуға ынталандырады.

3. Конкурстың міндеттері:

3.1. Өз үйлері орналасқан көшелер мен үйлерін үлгілі-өнегелік жағдайда ұстайтын жеке тұрғын үй меншік иелерін, жеке тұлғаларды анықтау.
3.2. Тұратын орталарын ізгілендіру және абаттандыру саласындағы тұрғындардың азаматтық белсенділігін анықтау үшін жағдайлар жаса.
3.3. SMART CITY ақылды қала құрудағы жеке үлесі мен жаңашылдық және қуат үнемдейтін технологияларды қолдануды марапаттау.

4.Конкурсты өткізуді ұйымдастыру

4.1. Уәкілетті орган Конкурс өткізу туралы ақпаратты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастырады.
4.2. Ақпаратта мынадай мәліметтер болуы тиіс:
- Конкурстың мақсаты;
- Конкурсты өткізу мерзімі;
- Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі;
- Үміткерлер тапсыратын Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі;
- Құжаттарды қабылдайтын жер мен байланыс телефондары.
4.3. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін (құжаттардың қосымшаларымен бірге) Конкурстық комиссия бағалайды.
4.4. Конкурстық комиссия Конкурс номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды және марапаттау жөнінде шешімдер қабылдайды.
4.5. Конкурсқа қатысушылар туралы барлық ақпарат құпия болып табылады және Уәкілетті орган мен Конкурстық комиссияның Конкурс қорытындыларын шығаруға қатысы жоқ мақсаттарға пайдаланылмайды.

5.Конкурс номинациялары

Конкурс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. ««Жеке сектордың үздік үйі»
2. «Үздік көше»

6. Конкурсқа қатысуға өтінім беру тәртібі

6.1. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер конкурстың Уәкілетті органына:
- Конкурсқа қатысуға өтінім (№1 қосымшаға сәйкес);
- Конкурсқа қатысушының толтырылған сауалнамасын (№2, №3 қосымшаларға сәйкес) тапсырады.
6.2. Уәкілетті орган өтінімдерді тіркейді, осы Ереженің талаптарына сәйкес олардың рәсімделуінің дұрыстығын және құжаттардың толық пакетінің болуын тексереді.

7. Конкурстық іріктеу тәртібі мен өлшемдері

7.1. Үміткерлерді конкурстық іріктеу өтінімде көрсетілген деректер негізінде конкурстық іріктеудің барлық өлшемдері бойынша баллдарды есептеу арқылы жүргізіледі. Уәкілетті орган өтініш иесінен бағалаудың дұрыстығы мен шынайылығы үшін ақпаратты нақтылайтын қосымша ақпараттар сұратуға, сол сияқты жүлделі орындар алуға үміткер қатысушылардың жеке тұрғын үйлері мен көшелерге тексеру жүргізуге құқығы бар. Конкурсқа қатысушылардың қорытынды бағасы конкурстық іріктеу өлшемдері бойынша баллдарды қосумен анықталады.
7.2. «Жеке сектордың үздік үйі», «Үздік көше» атақтарын беру туралы шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады. Баллдар саны тең болған кезде өтінімді ерте берген Конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
7.3. Әрбір номинация бойынша Конкурс жеңімпаздары туралы шешім конкурс комиссиясымен және оның төрағасымен бекітіледі.
7.4. Егер конкурста номинация бойынша тек бір ғана қатысушыдан өтінім түссе, жеңімпаз анықталмайды, ал қатысушы Конкурсқа қатысушы дипломын алады.

8. Қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

8.1. Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылғы 20 қыркүйекте болады. Әрбір номинация бойынша конкурс жеңімпаздары естелік сувенирлермен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады;
8.2. Конкурсқа қатысушылар өз құжаттамаларында және жарнамалық материалдарда Конкурс жеңімпазы атағын пайдалану құқығын алады;
8.3. Жүлделі орындар алмаған қатысушыларға Конкурсқа қатысушы дипломы беріледі.
8.4. Конкурс қорытындылары Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті қосымшалар