Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып БИСЕМБИН ЖҰЛДЫЗБЕК ТЕМІРБЕКҰЛЫ тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып БИСЕМБИН ЖҰЛДЫЗБЕК ТЕМІРБЕКҰЛЫ тағайындалды
08.06.2019 Жалпы

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды:
Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен 
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып
БИСЕМБИН ЖҰЛДЫЗБЕК ТЕМІРБЕКҰЛЫ тағайындалды

Ж.Т.БИСЕМБИН 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған. 

«Қазпошта» ААҚ операторы, «Информ-центр» ЖШС жарнама менеджері, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, «Ақбұлақ» АҚ жалпы және коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс атқарды.