Ақтөбеде әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Ақтөбеде әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
06.03.2019 Мемлекеттік қызметтер

2019 жылғы 6 наурызда Ақтөбе қалалық мәдениет Үйінде «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-ның ұйымдастыруымен ардақты аналарымыз бен аруларымызға арналған «Әлемді аялаған – ана!» атты  мерекелік шара өтті.

Фойеде үрлемелі оркестрімен Ермекбаевтар отбасылық  ансамблінің әндері шырқалып, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлар би, ойындар ұйымдастырылды, сыйлықтар таратылды.​​​​​​Мерекелік концертке шақырылған әйелдер қатарында соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы аналар, «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматтары», депутаттар және Қоғамдық кеңестің мүшелері, қаланың барлық салаларының өкілдері бар. Оларды Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев құттықтады.​​ Ұшқын Әнуарұлы қоғамдағы әйелдердің рөлін, балаларды тәрбиелеуге, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысуына зор үлес қосып жатқандығын айтып, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт пен елімізді өркендетуге қосар үлесін  атап өтті. ​​​Мереке қаланың үздік шығармашылық ұжымдарының керемет концерттік бағдарламасына ұласты.