Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, аса мұқтаж жандар, бірақ іс-әрекет еткен азаматтар баспаналы болды

Ақтөбеде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, аса мұқтаж жандар, бірақ іс-әрекет еткен азаматтар баспаналы болды
13.06.2019 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Бүгін Ақтөбе қаласы Алматы ауданының ғимаратында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов ақтөбелік аналармен кездесу өткізді.

Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеру туралы тапсырмасына сәйкес, биыл Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасыларға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көлемі 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін өсті. Мектепке дейінгі мекемелерде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тамақтану көлемі 70 пайызға төмендеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 100 пайызы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Халықтың әлеуметтік осал тобынан 3 мың азамат кәсіби оқытуға жіберіледі.Осы топтағы 5 мың адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылады. Әлеуметтік салаға кететін жыл сайынғы шығынның облыс бюджетінің кемінде 50 пайызын құрайтынына қарамастан, жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруға кемінде 1 млрд теңге бөлінеді.

Облыста, қалада көп балалы отбасылар мәселесі назарсыз қалмайды. Олардың барлық ұсыныстары мен өтініштері, басқа байланыс құралдары арқылы түскен арыз-шағымдары қатаң бақылауда болады. Көмек мейлінше әрбір мұқтаж отбасыға көрсетіледі.

Айта кету керек, биылғы жылы Ақтөбе облысының орталығында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – баспанаға зәру, аса мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету. Қала әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобына келіп түскен 170 өтініштен 97-іне болашақта сатып алу құқығы бар жалға үй беру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта 97 өтініш иесінің 45-і – жалға алу туралы келісім-шартқа қол қойды, қалғандарымен жұмыс жасалу үстінде, екінші деңгейлі банктермен 9 азаматтың орындайтын міндеттемелері бар, төлем қабілеттігін растайтын құжатты күткен 30 адам бар, ал 5 азамат «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім бергендіктен, жоғарыдағы бағдарламаға қатысудан бас тартты.

2017 жылы көктемгі тасқын салдарын жою мен мұқтаж адамдарға көмектесу үшін «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Қор су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған жандарға нақты, әрі орталықтандырылған көмек көрсету мақсатында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорының көмегімен тұрғын үйге мұқтаж көп балалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі бала асырып отырған отбасыларға пәтер кілтін алуға көмек беріп отыр.

«Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры арқылы – 37 азамат 17,9 млн теңге көлемінде алғашқы жарнасына қаржылай көмек көрсетілді.

Мысалы, Абдразакова Гаухар Бигелдіқызы - мүмкіндігі шектеулі балалары бар ана. Өзінің тұрмыс қиындықтарына қарамастан, отбасын асырау мақсатында кешкілік тұрақты жұмыс істеп, әрекет жасап отыр. Осының арқасында банктен несие алып, баспаналы болып отыр.

Бүгін Нұр Ақтөбе ауданындағы “Бақытты отбасы” бағдарламасымен үй алған аналардың пәтерлеріне облыс, қала басшылары келді. Гаухар Абдразакованың пәтеріне келген облыс, қала басшылары құтты болсын айтып, дастарханынан дәм ауыз тиді. Олар сондай-ақ жалғызбасты ана Таланды Серікбаеваның 47 шаршы метрлік баспанасына қуанышымен құттықтап барды.

Бүгінгі таңда пәтер алудың басты талабы сол – пәтерге мұқтаж азамат тұрақты жұмыс жасауы керек, несиелері болмауы тиіс – осы талаптарға сәйкес келетін азаматтарға «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры көмектесе алады. Осы азаматтарға сатып алу құқымен жалға пәтер беріледі. Олар 6 ай көлемінде үй құнының 10 пайызын жинап, «Бақытты отбасы» бағдарламасына аясында несие алу құқына ие болады. «Бақытты отбасы» - көп балалы, толық емес, жалғыс басты, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаның басты талаптары – несие алушы кем дегенде соңғы 6 ай уақыт жұмыс істеуі тиіс, үй құнының алғашқы он пайызын жинауы керек, сол кезде 2 пайызбен 19 жылға несие беріледі.

2018 жылы 4 тоғыз қабатты, 9 аз қабатты үйлер пайдалануға беріліп, барлық пәтер саны – 1209 пәтер. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 9 тоғыз қабатты, 27 аз қабатты үйлер тапсырылады, пәтер саны – 1656. Бұл пәтерлер «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» , «7-20-25» бағдарламалары арқылы сату көзделуде.

Айта кету керек, Заңға сәйкес, үй сұрағандардың мәселесі шешіледі, бірақ кезек күттірмейтіндердің мәселелерін қаланың кәсіпкерлері - жанашар азаматтармен «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қоры бірлесіп шешуде.