Ақтөбеде «Наурыз мейрамы-2018» мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде

Ақтөбеде «Наурыз мейрамы-2018» мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде
16.03.2018 Мәдениет және спорт

Ақтөбеде баршамызға сүйікті «Наурыз мейрамы-2018» мерекесіне арналған шаралар ерекше әдемі және шығармашылықпен қызықты өткізілуде.

Бұл күндері мектептерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында, мектепке дейінгі ұйымдарда, мәдениет үйлерінде, кітапханалар мен мұражайларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда театрландырылған қойылымдар, концерттер, мәдени іс-шаралар, суреттер көрмесі, кітаптар, сайыстар, мерекелік кештер өтуде.

17 наурыз күні сағат 17.00-де Өнер орталығында «Қош келдің – Әз Наурыз» «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өткізіледі.

17 наурызда сағат 18.30-да қалалық оқушылар Сарайында «Искорки»  би ансамблінің шығармашылық концерті ұйымдастырылса, ал 19 наурызда сағат 11.00-де осы залда «Біздің елдің жігіттері-жігіттердің төресі» атты облыстық байқау өтеді.

19 наурыз күні «Қош келдің, нұрлы Наурыз» атты мерекелік  шара облыстық 
Планетарийде сағат 12.00-де өтсе, ал сағат 15.00-де Облыстық «Руханият» музейінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мектеп оқушыларының сурет көрмесі ашылады.

20 наурыз күні сағат 11.00-де Қазанғап атындағы өнер мектебі «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз»  атты мерекелік бағдарламаны тамашалауға шақырады.

21 наурыз күні сағат 10.00-де Қалалық мәдениет Үйінде Астана қаласының  20 жылдығына  арналған «Потанцуем, споем соседи?!» атты ІІ ән,би фестивалі өтетін болады.

21 наурыз күні сағат 10.30-да қала мектептерінде «Бақытты бала – Мәңгілік Ел кепілі» атты балаларға арналған мерекелік шаралар өткізіледі.

21 наурыз күні сағат 11.00-ден 14.00 аралығында ашық алаңдарда «Мәңгілік алау», Денсаулық саябағы, Батырлар аллеясы, Ғашықтар сквері, «Кең дала», Абай даңғылында мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.  

21 наурыз сағат 15.00-де Сәңкібай батыр даңғылындағы Балаларға арналған «YO Батут» орталығының ашылуы өтеді.

21 наурызда сағат 18.00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Махаббат мұңы»  атты драмалық спектакль қойылады.
 «Қош келдің, Әз Наурыз» атты этнографиялық көрмесі 21-22 наурыз күндері Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтетін болады.

22 наурыз күні сағат 11.00-де «Наурызым-құт береке!» атты театрландырылған  мерекелік бағдарламалар, халықтық қыдырулар «Өнер орталығы», ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, «Келісім және бірлік бульвары», «Керуен Сити» ойын –сауық сауда орталығы, Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» демалыс саябағы, «Металлургтер» мәдениет Үйі алаңдарында өтеді.

22 наурыз күні сағат 18.00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясы болады (кіру тегін).

25 наурыз сағат 11.00 де Шығармашылық академиясында «Мейірім шуағын сыйлау» атты қайырымдылық акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың қатысуымен қайырымдылық концерті өткізіледі. 

Сонымен қатар, осы күндері көптеген спорттық іс-шараларда өтеді.

Мерекелік іс-шаралардың толық тізбесімен таныса аласыздар:

«Наурыз мейрамы-2018» мерекесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (Жүктеу)