Ақтөбеліктерді сенбілікке шақырамыз!

Ақтөбеліктерді сенбілікке шақырамыз!
29.03.2019 Мемлекеттік басқарма

Құрметті ақтөбеліктер!

Құтты мекен Ақтөбе – біздің ортақ үйіміз! Көркіне келбеті сай, береке мен бірлігі жарасқан, қала тұрғындарының тиянақты тірлігі – қаламыздың басты құндылығы. Оның үстіне биыл сүйікті қаламызға 150 жыл толып отыр.Ақтөбе қаласында қаланы көркейту және санитарлық тазарту бойынша дәстүрлі екіайлық жарияланады. Қала әкімдігі аймақты жинастыруға мекемелер, оқу орындары, пәтер иелері кооперативтерін және қала тұрғындарын белсенді атсалысуға шақырады. Баршаңызды әр сенбі күндері ұйымдастырылатын жалпықалалық сенбілікке шақырамыз. Көрікті қаламыздың ажарын көркейтуді көздеген осынау игі шараға қатысу арқылы – Сіз өскелең ұрпаққа туған еліміз бен жерімізді қастерлеудің риясыз үлгісін көрсетесіздер.