Ақтөбенің өз «Арбаты» бар!

Ақтөбенің өз «Арбаты» бар!
24.09.2018 Жалпы

Ақтөбе қаласындағы айналмалы жол – көпірдің салтанатты ашылуынан кейін облыс әкімі Б.Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова, қала әкімі І.Испанов, ардагерлер, қала тұрғындары Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдында өткен «Арбаттың» салтанатты ашылу шарасына  қатысты. Шараға қатысушылар орнатылған субұрқағын көріп, «Арбат» бойында ағаштар екті.

Ә.Молдағұлова даңғылының «Шератон» қонақүйінен Әбілқайыр хан көшесіндегі обл.әкімдік ғимаратына дейінгі аралықтағы «Арбат» жайлы анықтама:

«Арбаттың» жалпы көлемі: 30 мың шаршы метр аралығында;

22 мың шаршы метрге брусчаткалар төселеді;

МАФ(малоархитектурные формы): 5-6 түрлі отырғыштар(скамейкалар 140 шақты), пергола, әткеншектер(качели), 5-7 метрлік шамдар(светильники), қоқыс қалдығын салатын урналар, фуд-корты орнатылады(тамақ ішетін павильондар), 2 биодәретхана, 4 тент-шатыр, Орталық стадион алдына субұрқағы(фонтаны) орнатылып, ағаштар егіледі. Көгалдарға(газоны) суландыру жүйесі орнатылады.