Автобустарда кез келген банк карточкасымен жолақыны төлеуге болады

Автобустарда кез келген банк карточкасымен жолақыны төлеуге болады
26.09.2019 Көлік

Қазіргі таңда «Ақтөбе қалалық жолаушылар автокөлігі кәсіпорыны» ЖШС «BPCKazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп, қолма-қол ақшасыз төлем мен қоғамдық көліктегі төлем есебін автоматтандыру жобасын енгізіп жатыр.

Бүгінде тасымалданатын валидаторлар №1, №2, №5, №8, №23, №40, №45, №46, №48, №51, №52 бағыттарындағы 91 автобуста орнатылған. Сонымен қатар жолаушылар легі үлкен №46 бағыттағы автобустары 3 стационар валидаторымен жабдықталған. Төлем жасау үшін кез келген банк карточкалары жарайды.

Қыркүйек айының соңына дейін автобус паркінің 100%-ына тасымалданатын валидаторлар орнату жоспарланған.