Қалалық әкімдікте экологиялық мәселелер бойынша кеңес өтті

Қалалық әкімдікте экологиялық мәселелер бойынша кеңес өтті
19.09.2018 Мемлекеттік басқарма

2018 жылғы 19 қыркүйекте  Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен Ақтөбе қаласының ірі өндіріс және құзырлы мекемелермен жұмыс кездесуі өткізіліп, отырыста «Ақтөбе облысының экология департаменті» басшысы – Ж.Иманқұлов, «Ақбұлақ» АҚ президенті – А. Ибраев, «Ақтөбе қалалық тұрғын-үй қатынастары» ММ басшысы – И. Көзбаев өздерінің есептерінде Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы туралы мәселені қозғады.

Бұл кездесуде нақты міндеттер қойылып, оларды іске асыру бойынша нұсқаулар берілді. Қазіргі таңда қалаға тиісті экологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Экологияға қатысты барлық іс-шаралар жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, қала әкімдігінің ресми сайтында және қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.