Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шаралар туралы мәлімет
13.12.2018 Мемлекеттік басқарма

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында қалада мәдени, қоғамдық және бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілуде және әлуметтік нысандар ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ,  оқу орындарында Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағаттары, кітап көрмелері, конференциялар сияқты бірқатар іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қала мектептерінде және кітапханаларда «Тәуелсіз елімнің ұландары» атты тақырыптық кештер, «Менің елім» көрмелер, тақырыптық әңгімелер, тарихи-танымдық іс-шаралар, "дөңгелек үстелдер", суреттер мен шығармалар сайыстары, спорттық турнирлер, қойылымдар, мерекелік бағдарламалар өтеді. Сонымен қатар жасөспірімдер  арасында грек-рим күресінен, тоғызқұмалақтан,  спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Олардың ішінде ең маңыздысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді:

10-13 желтоқсан күндері аралығында кітапханада және мектептен тыс ұйымдар арасында көрмелер ұйымдастырылады.    

13 желтоқсан күні сағат 15.00-де Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Ар намысым, мақтанышым-Желтоқсан» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

14 желтоқсан күні 10.00-де «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бос орындар жәрмеңкесі «Керуен-сити» ойын-сауық сауда ораталығында өткізіледі.

14  желтоқсан күні сағат 11.00-де «Тәуелсіздік аруы-2018» атты арулар байқауы «Сазды» мәдениет Үйінде өткізіледі.                    

14-16 желтоқсан күні аралығында сағат 11.00-де Жекпе-жек сарайында балалар мен жасөспірімдер арасында ГТФ таэквандодан ашық қала чемпионаты өтеді.

14 желтоқсан күні сағат 15.00-де Неке сарайында АХАТ қызметінің ардагерлерінің қатысуымен 5 жұп жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтеді.

14 желтоқсан күні 16.00-де Әділет басқармасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді.                                                            
14 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Өнер» орталығында  «Тәуелсіз елдің шаттығы» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.    

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де «Мәңгілік ел-Халқымның аңсағаны» атты Қурайлы мәдениет Үйінде мерекелік концерт өтеді.        

16 желтоқсан күні сағат  10.00-де  Әбілхайыр-хан 7\А даңғылында орналасқан «Экстрим» спорт кешенінде қалалық тир атудан чемпионат өтеді.

16 желтоқсан күні сағат 11.00-де Нұр-Ақтөбе ауданыныда «Дина» супермаркеті алаңында «Ар намысым, мақтанышым-Желтоқсан» атты мерекелік концерт өтеді.

16 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Керуен-сити» ойын сауық сауда орталығында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерт өтеді.

16 желтоқсан күні сағат 18.00-де Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Темір-Нарком» атты концерт-спектаклі өтеді.

16 желтоқсан күні  Қалалық мәдениет Үйінде  «Тәуелсіздік түлеткен-мәңгілік ел» мерекелік концерт өтеді.

20 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Самрұқ» мейрамханасында студенттер  арасында  «Вена бал» атты кеш өтеді. 

Тәуелсіздік күніне орай «Нұрзерек», «Өркен» бала-бақшасының және Ә.Кекілбаев атындағы №72  орта мектебінің ашылу салтанаты өтеді.

Сонымен қатар №41 мектеп-гимназиясы алаңында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың құрметіне арналған мемориалдық тақтаның  ашылуы жоспарлануда.