Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!
22.03.2019 Мемлекеттік басқарма

Ұлыстың ұлы күні, жақсылықтың жарқын мерекесі, Жыл басы – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Әз-Наурыз – Мәңгілік Еліміздің айбынын асырып, Ұлы Дала ұрпақтарына бақ-береке әкелсін!

Қазыналы қарттар, жалынды жастар, бақытты сәбилеріміз аман болсын!

Береке мен бірліктің бастауы болған Наурыз мерекесінде барша ақтөбеліктерге, әр шаңыраққа бақыт, қуаныш тілеймін.

Наурыз айы – жаңару мен жаңа істің, ырыc  пен ынтымақтың алтын арқауы саналған.

Күллі  шығыс жұртына ортақ – Наурыз мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр.

Күн мен түн теңелетін, жыл басы Наурызда бұлақтың көзін ашып, ағаш еккен. Алыс кеткен ағайын қауышып, жақсы тілекпен татуласқан.

Халқымыз Ұлыстың ұлы күнінде – Жаңа жылға үлкен үміт артады.

Тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда – елге құт қонып, береке орнайды.

Себебі, Наурыз мерекесі – ерекше қасиетті, қастерлі мереке.

Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызды саралап, келешекке жоспар құрамыз.

Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, оларды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге елімізде барлық жағдай жасалған.

Елімізбен бірге Ақтөбе жұртшылығының әлеуметтік жағдайы жақсарып, экономиканың барлық бағытында жақсы нәтижеге қол жеткізуде.

Береке-бірліктің арқасында бұдан да үлкен мақсаттарға қол жеткіземіз.

Тәуелсіздік тұғыры берік болып, ел абыройы арта берсін!

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.