Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!
19.10.2018 Жалпы

Құрметті қала тұрғындары!

Күзгі абаттандыру мен санитарлық тазалық айлығы шеңберінде 20 қазан сенбілік күні болып белгіленді. Барлық қала тұрғындарын: көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің иелерін, барлық саладағы және меншік түріндегі кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың еңбек ұжымдарын, жалпы білім беретін, орта және жоғары оқу орындарының басшылары мен оқушыларын 20 қазан күні сағат 09.00-де басталатын сенбілікке белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Aқтөбе қаласының әкімдігі