Сельмаш көпірінің бұрылысын бір метрге кеңейтеді

Сельмаш көпірінің бұрылысын бір метрге кеңейтеді
23.09.2019 Көлік

Сенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі М.Е.Абдуллин сельмаш көпіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөнінде көшпелі кеңес өткізді.

Мамандардың ой-пікірлері тыңдалды. Осылайша, мердігер не көпірдің бұрылысын бір метрге кеңейту, не құрылысы бітпеген көпірдегі қозғалысты бір жақты ету қажет деп айтты.

Қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров бұл пікірмен келіспей, бір жақты қозғалыс автобустар арасындағы интервалдың ұлғаятындығына және көлік кептелісіне әкеледі деп ескертті.

Сондай-ақ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы, Мәлімбет Ибрашов қозғалысты реттейтін бағдаршамдарды орнатуға кеңес берді.
Жиын соңында шаһар басшысы мердігер компанияға дүйсенбіден бастап көпірдегі бұрылысты кеңейтуге тапсырма берді.