«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алулар және әкімшілік жұмысы секторының меңгерушісі (№02), санаты Е-R-3, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-3
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 96607 — 129920

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының, қалалық мемлекеттік мекемелердің және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алулар және әкімшілік жұмысы секторының меңгерушісі (№02), санаты Е-R-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 96607 теңгеден  129920 теңгеге дейін.  
Функционалдық міндеттері:
секторды басқару, бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырысшы ретінде міндеттерді атқару; тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптарына сәйкестігін қадағалау, келісім шарттар дайындау; мемлекеттік сатып алуға қатысушылармен ұсынылған ақпараттарын тексеру; мемлекеттік сатып алуларды өткізу; кадр мәселелерінің жұмысын жүргізу және ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану).

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен қосымшалар