«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу  секторының бас маманы (№05-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметшінің санаты Е-R-4
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты: 73288 — 99106

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға 
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50, анықтама үшін телефоны: 8(7132)416354, факс: 8(7132)416353, e-mail: S.Aitbaeva@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу  секторының бас маманы (№05-1), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін. 
Функционалдық міндеттері:
тұрғын үй комиссиясының отырысына мемлекеттік тұрғын үй беру және жалға беру шарттарын жасау мәселелері бойынша материалдар дайындау, жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың жағдайына талдау жасау және осыған сәйкес қарау үшін ұсыныстар енгізу, жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттарға және өтініштерге жауап беру, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:
жоғары құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе                                            осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар және қосымшалар

Кандидаттарды іріктеу нәтижелері
07.06.2018
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі
01.06.2018